28.03.2023, 12:45
Оқылды: 45

Алаяқтық жасау арқылы ұрлыққа барған күдікті қолға түсті

Орал қалалық ПБ Абай Полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің  қызметкерлері алаяқтық жасау арқылы ұрлыққа барған күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

тенге

Бірнеше адамнан «қоңырау шаламын» деп сұрап алып, телефондарын қолды қып кеткен 27 жастағы Орал қаласының тұрғыны ішкі істер органдарының іздеу есебіне алынған еді.

Ұрлап қана қоймай, одан әрі сол ұрланған телефон иелерінің атына «Халық банкі», «Каспий банктері» арқылы қомақты қаражатқа несие ресімдеп оны құйтырқы амалдармен кәсіпкерлік шоттарға аударып отырған.

Жәбірленушілерден келіп түскен арыздар және олардың сипаттаулары арқылы күдіктінің кім екені белгілі болса да, оның қайда екенін анықтау мүмкін болмады.

Десе де полиция қызметкерлері жүргізген іздеу шаралары нәтижесінде күдікті Ақсай қаласынан таксимен келе жатқан жерінен қолға түсті.

Тергеу барысында оның Ақсай қаласында да автокөлік ұрлағаны, басқа да ұсақ ұрлықтар жасағаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті азаматқа қатысты 10 эпизодтық іс тіркеліп отыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 190 бабы (алаяқтық), 200 бабы (көлікті айдап әкету) және 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ПД-ның баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале