26.03.2020, 9:04
Оқылды: 68

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 475 мыңнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 475 мыңнан асып жығылды. Бір тәулікте 2400-ден астам адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24E334D9-F2C9-4E74-9241-E692BDD4F692

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 26 наурыз таңындағы жағдай бойынша, дүние жүзі бойынша COVID-19-ға шалдыққандар саны 475 087-ні құрады. Статистика бір тәулікте 50 865 адамға артты.  Қайтыс болғандар – 21 400, бір тәулікте – 2407 адам. Жазылып шыққандар саны - 110 658, бір тәулікте – 4852 адам.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале