1.11.2021, 22:13
Оқылды: 55

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 5 миллионнан асты

Әлемде коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны 5 миллионнан асты.

C2CFFE55-69EE-447A-B9B1-4CF99545AC53

Джонс Хопкинс атындағы америкалық университеттің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта дүниежүзінде 246 миллионнан астам адам індетпен күресіп жатыр.

1 қараша күнгі дерек бойынша, жаңа індет салдарынан қайтыс болғандар саны 5 000 425-ке жеткенін растады.

АҚШ-та 745 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмып, әлемдегі өлім-жітім саны бойынша І-орында тұр. Хопкинс университетінің анти-рейтингісінде ІІ-орында Ұлыбритания тұр, мұнда инфекция құрбандарының саны 141 мыңға жетті, ал жалпы елде 9 миллион адамнан коронавирус расталған.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале