28.10.2024, 11:30
Оқылды: 299

Әлемдік биржада мұнай бағасы арзандады

Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы Астана уақытымен 08:20-де 4,43 пайызға арзандап 72,68 доллар болды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG_0147

Сурет: pixabay.com

Ал WTI маркалы мұнайының бағасы барреліне 4,54 долларға арзандап, 68,52 долларды құрады.

Сарапшылар мұнай бағасынының бұлай өзгеруін Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтармен байланыстырады. Goldman Sachs сарапшыларыИранның мұнай өндірісінің 90%-ға дейін үлесін құрайтын Харг аралының осы аптада Тегеранның зымыран шабуылына жауап ретінде Израиль соққысының нысанасына айналуы ықтимал екенін атап өтті. Бұл жағдайда Иранда мұнай өндіру тәулігіне 1 миллион баррельге азайып, ол ұзақ уақытқа жалғасуы мүмкін екенін айтуда. 

Еске салсақ, өткен сенбі күні Израиль әскерилері Ирандағы әскери нысандарға әуеден соққы жасады. Израиль билігі әуе соқысы Ирандағы әскери нысандарға дәл тиіп жатқанын мәлімдеді. Израиль әскері Иранның маңызды деген қорғаныс өнеркәсібінің орталық әскери нысандарына, соның ішінде зымыран зауыттары, ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеу және өндіру нысандары және баллистикалық зымырандарды ұшыру базаларына соққы берген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале