23.02.2024, 19:00
Оқылды: 27

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 300-ден астам тексеру жүргізді

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен 2023 жылғы 1 шілдеде елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 338 тексеріс жүргізген. Оның 95-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 243-і жоспардан тыс тексеріс.

калам

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 36, мектептер – 227, дүкендер, базарлар – 4, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері – 6, мәдениет үйлері – 3, мұрағат – 1, банк филиалы – 1, балабақша – 1, жергілікті атқарушы органдар басқармалары – 7, колледждер – 3, университеттер – 2, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 19, ЖШС – 3, кафе, мейрамханалар – 3, монша – 1, автопарк – 1, ауруханалар мен емханалар – 5, стоматология – 2, қонақ үй – 1, мемлекеттік мекемелер – 4, пансионат – 1, театр – 1 қамтылды.

Осылайша, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамның өтініші бойынша мүгедектігі бар баланы мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен (корсетпен) қамтамасыз етпеу мәселесі бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар расталды, субъектіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, басшылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.

Бірінші топ мүгедектігі бар Шаяхмет Құралбаевтың айтуынша, Тараз қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділік айтарлықтай жақсарған.

«Мен күн сайын 14-ші шағын ауданда орналасқан оңалту орталығына барамын. Орталық заманауи үлгіде салынған, дәліздері кең, қызметкерлер өте ұқыпты,  онда арбада қозғалу өте ыңғайлы, арнайы лифт те бар. Бір сөзбен айтқанда, орталықта мүгедектігі бар азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімділік қарастырылған», – деп өз пікірімен бөлісті Шаяхмет Құралбаев.

Сонымен қатар, ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылы 1 783 тексеріс жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берді. 98,4 миллион теңгеден астам 467 айыппұл салынған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале