14.01.2022, 9:20
Оқылды: 88

Әлеуметтік саладағы соңғы өзгерістер

2022 жылға қадам бастық. Еңбек, әлеуметтік қорғау саласындағы жаңалықтар туралы топтаманы назарларыңызға ұсынамыз. 

алеум копия

Ең төменгі жалақы өсуде

Биыл 1 қаңтардан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері ұлғаюда. 2021 жылы бұл көрсеткіш 42 500 теңгені құраған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең төменгі жалақыны 60 000 теңгеге көтеруді тапсырды. Яғни енді жұмыс берушілер міндетті түрде Еңбек кодексіне сәйкес азаматтарды ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде жалақымен қамтамасыз етуде. Ең төменгі жалақының өсімі 41%-ды құрайды. Ең төменгі жалақы көлемі 60 000 теңгеге өсті. Сондай-ақ елімізде медициналық, әлеуметтік және азаматтық қызметкерлердің, мұғалімдердің жалақысы өсуде.  2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру басталды, нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы екі есеге өседі. Сонымен қатар биылдан бастап мұрағат, кітапхана, мұражай қызметкерлерінің, орманшылардың, техникалық салада жұмыс істейтін мамандардың  жалақысы артады. 2022 жылдан бастап олардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға өсіп, 2025 жылға қарай екі есе өседі деп жоспарлануда.

Жәрдемақы

Биыл бала босанғанда төленетін жәрдемақының мөлшері бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК  немесе 116 394 теңгені (былтыр 110 846) құраса, төртінші және одан да көп балаларға - 63 АЕК немесе 192 969 теңге (былтыр 183 771) тағайындалады.

Көп балалы аналарға берілетін жәрдем-ақы:

Төрт балалы отбасыға – 16,03 АЕК немесе 49 100 теңге;

Бес балалы отбасыға – 20,04 АЕК немесе 61 383 теңге;

Алты балалы отбасыға – 24,05 АЕК немесе 2022 жылы 73 666 теңге;

Жеті балалы отбасыға – 28,06 АЕК немесе 2022 жылы 85 948 теңгеге өседі.

Жетінші баладан кейінгі әр балаға 4 АЕК немесе 12 252 теңге қосылады.

03 рус

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы:

2022 жылы мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері:

1-топ – 69 155 теңге (1,92 күнкөріс деңгейі);

2-топ – 55 108 теңге (1,53 күнкөріс деңгейі);

3-топ – 37 459 теңге (1,04 күнкөріс деңгейі).

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 16 АЕК немесе 49 008 теңге;
  • Басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне – 4,8-ден 6,19 АЕК-ке дейін немесе 14 703-тен 18 960 теңгеге дейін;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға – 6,19 АЕК немесе 18 690 теңге;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мүгедектік бойынша теңестірілген адамдарға – 7,55 АЕК, немесе 23 126 теңге;
  • Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен), қайта некеге тұрмаған жауынгерлердің жесірлеріне – 4,48 АЕК, немесе 13 722 теңге;
  • Социалистік Еңбек Ері, үш дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерінің иегерлері, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілген азаматтарға – 138,63 АЕК немесе 424 624 теңге;
  • "Халық қаһарманы" атағы берілген адамдарға – 138,63 АЕК, немесе 424 624 теңге;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедек немесе зейнеткер азаматтарға – 1,07 АЕК, немесе 3 277 теңге;
  • Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 АЕК, немесе 3 277 теңге;

Зейнетақы

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері биыл  19 450 теңге болып белгіленді. Былтыр бұл көрсеткіш 18 524 теңгені құрап еді. Сондай-ақ ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгеге артпақ (2021 жылы бұл көрсеткіш 43 272 теңге).

Бұл жылдан бастап әйелдер 60 жас 6 ай толтырып, зейнетке шығады. Ал ерлер зейнеткерлікке  63 жаста шығады.

 Күнкөріс деңгейі және АЕК

Жаңа жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері 5%-ға көтеріледі. Яғни 2022 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңге болса, АЕК 3 063 теңгені құрайды. Былтыр ең төменгі күнкөріс деңгейі 34302 болған еді. Сәйкесінше, жәрдемақы мен зейнетақы көлемі де өсуде.

 

 

 

Басқа да өзгерістер

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-дағы зейнетақының бір бөлігін пайдалану үшін бекітілген жеткіліктілік шегі өзгереді. Еске салсақ, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келесі жылдан бастап жеткіліктілік шегі өзгеретінін мәлім еткен болатын. Дегенмен бұл шешім қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Мәселеге Ел Президенті араласып, жеткіліктілік шегін өзгерту мерзімі сәуір айына дейін созылды.

2022 жылдан бастап елімізде медициналық сақтандыру төлемінің құны өспек. Бұл өсім басқа көрсеткіштер сияқты ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты. Есептеулерге сүйенсек, жалдамалы қызметкер үшін жұмыс беруші оның жалақысының 3%-ын төлейді, бірақ ол 18 000 теңгеден аспайды. Жұмыскерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер өздері үшін табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады. Жеке кәсіпкерлер және өз бетінше жұмыс істейтін тұлғалар 4 200 теңге белгіленген сомасын төлейді.

 

Мәлімет  ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау  және  көші-қон комитеті  БҚО бойынша департаменті  

мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алынды

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале