23.05.2023, 15:45
Оқылды: 3

Әлеуметтік топтаманы монетизациялау нәтижесінде АӘК алушы отбасыларға қосымша 2,6 миллиардтан астам теңге төленді

2023 жылғы 1 мамырдағы мәліметке сүйенсек,  атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға қосымша 2,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау арқылы көмектің заттай түрін ақшалай түрге ауыстыру арқылы қол жеткізілді.

акша жп 2

Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдан бастап АӘК алатын отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына қосымша заттай түрдегі азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтар берілді. Олар қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар үшін жақсы қолдау болып, пандемия кезінде маңыздылығын дәлелдеді.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну кезеңінде жиынтық алатын отбасылардан көмектің осы түрін ақшалай форматқа ауыстыру, яғни баланың қажеттіліктеріне сүйене отырып, өнімді сатып алу мүмкіндігін беру туралы ұсыныстар түсті.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда әрбіріне 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша ай сайынғы төлем түрінде ұсынылады (2023 жылы – 5 175 теңге). Бұл ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту жөніндегі шаралардың бірі.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2,6 млрд теңгеден астам сомаға 80,8 мың отбасындағы 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале