4.05.2022, 9:00
Оқылды: 104

Әлеуметтік желіде арандатушылық пікір жазған Орал тұрғынына қатысты іс қозғалды 

Әлеуметтік желіде арандатушылық пікір білдірген Орал қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

220216215115160e

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің мәлім еткеніндей, Максим Яковченко әлеуметтік желіде арандатушылық бағыттағы жазбасын жариялаған. Бұл пікір қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Аталған тұрғын Қазақстанның бірнеше қаласын Ресейге беру керектігін жазған. Сонысымен ұлтаралық араздықты туғызуға себепкер болған.

Screenshot_20220504-082526_Chrome

«Осы дерек бойынша БҚО полиция департаменті ҚР ҚК 174-бабына (ұлтаралық алауыздықты қоздыру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті барлық әлеуметтік желі қолданушыларына мұндай арандатушылыққа ермеуге, жағдайды ушықтыруға септеспеуге шақырады. Сонымен қатар мұндай арандатушылық пікірдің қылмыстық жазалауға соқтыратынын еске салады. Барлық азаматтар бір-біріне құрметпен қарап, сыйластықты сақтай білгені жөн», деді Б.Нұрғожин.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале