9.12.2022, 15:45
Оқылды: 87

Әлихан Смайылов әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа вице-премьердің алдына міндеттер қойды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өзінің жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі. Ол Үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында жазылды.

zagl_3

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтынан

Вице-премьер білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты және тағы басқа мәселелерді бақылауына алады.

Әлихан Смайылов Алтай Көлгіновке жаңа лауазымда жұмысының табысты болуын тіледі.

А. Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.

Әр жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Әділет министрлігінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі.

2016-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2019 жылы Астана әкімі болып тағайындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале