24.11.2022, 15:45
Оқылды: 33

Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады ҚР премьер-министрінің сайтында.

правительство

Сурет: ҚР премьер-министрінің сайтынан

Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізілуде.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралған.

Сондай-ақ Премьер-Министр Бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетикалық объектіні жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді  тапсырды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале