2.04.2022, 9:20
Оқылды: 135

Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220402091342349e

«Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Рамазан – біздің халқымызға тән қайырымдылық, адамгершілік сияқты рухани құндылықтарды нығайта түсетін рақым айы. Берекелі ай бүкіл қоғамның мерейін асырып, ынтымақ пен ауызбіршілікке, игілікті істерге үндейді. Шынайы ниетпен ұстаған оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз бен тілектеріңізді қабыл етсін.Ел іргесі қашанда берік, жұртымыз тыныш болсын!», - делінген Үкімет басшысының құттықтауында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале