22.02.2022, 11:15
Оқылды: 111

Әлихан Смайылов су тасқынына дайындық туралы: Министрлік пен әкімдіктер жауапкершілікті бір-біріне сілтеп жүр

Үкімет отырысында көктемдегі ықтимал тасқындарға дайындық шаралары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220222102436309e

Премьер-Министр Әлихан Смайылов тасқынға қарсы дайындық мәселесінде әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар министрлігінің арасында үйлескен жұмыс жоқтығын сынға алды.

«Наурыз айы қалыпты нормадан жылы болады деген болжам бар. Демек, қардың күрт еруінен елдің бірқатар өңіріндегі жағдай қиындап кетуі мүмкін. Кейбір аймақтардағы жағдай жылдан-жылға қайталанып келеді. Бұл бірінші кезекте Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік арасындағы жауапкершілікті бір-біріне сілтеу мәселесіне қатысты болып отыр», - деді үкімет басшысы.

Оның пайымынша, су тасқынының алдын алу және одан келетін шығындарды азайту әкімдіктердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты.

«Әкімдіктер күнделікті қар шығару, уақытша бөгеттерді салу жұмыстарын уақтылы жүргізуі тиіс. Төтенше жағдайларға жергілікті бюджеттерде жеткілікті қаражат қарастырылуы керек. Су тасқынының алдын алуға қатысты бүкіл мәселелерді әкімдіктер қатаң бақылаудға ұстауға тиіс», - деді Әлихан Смайылов.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале