1.04.2024, 15:15
Оқылды: 25

Әлихан Смайылов жаңа лауазымға тағайындалды

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

04e1941b4cb0b62a668b18993d942937_1280x720

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Әлихан Асханұлы 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996 жылы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале