29.03.2021, 22:00
Оқылды: 157

Алманияз чемпионатта жеңімпаз атанды

Жақында Алматы облысының Талғар қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар, яғни спортшылар арасында қол күресінен ҚР чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа Бөкей ордасынан барып, облыстың атынан қатысқан Алманияз Қаналиев +85 келі салмақ дәрежесінде І орынға ие болды.

 Алманияз жарады!1

Алманияз Қаналиев – қол күресінен (армрестлинг) мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ел чемпионы, ҚР спорт шебері. Өткен жылы Бөкей ордасының үздік спортшысы атағына ие болды.

– Бұрын спортпен айналысып көрген жоқпын. 2019 жылы Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін жарысқа қатысып,  бірінші орын алдым. Сол кезде бәрі «Осы кезге дейін қайда жүрсің?» деп шулап кетті. Ауылдан көп ұзамағасын, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт жарыстары өтетінін біле бермейміз ғой. Содан былтыр Алматыда өтетін жарысқа баратын болып дайындалдық. Бірақ карантинге байланысты сайыс өтпей қалды. Биыл наурыз айында тағы да қатысып, бірінші орын алдым. Ауылдан алып шығып, жарыстарға қатыстырған жаттықтырушым Мейрамбек деген азаматқа айтар  алғысым зор. Қазіргі бапкерім Нұрхан Әдиетов, - дейді өзінің спортқа келуі туралы әңгімелеген Алманияз Мұратқалиұлы.

Отыздан енді асқан ол  ауылда шаруа қожалығында жұмыс істейді. Оның әлі де бағындырар биігі көп екеніне сенеміз.

 

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале