10.08.2022, 9:54
Оқылды: 91

Алматы Катардан келген іскер туристердің алғашқы тобын қабылдады

Алматы Катардан келген іскер туристердің алғашқы тобын қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

photo_102779

Ірі ритейл компания Алматыға 47 қызметкерін жіберген. Саяхат кезінде 5 күн бойы араб туристері қаланың ең танымал көрнекті жерлерін аралайды.

Қазіргі таңда Алматыға Таяу Шығыс елдерінен туристер көптеп келуде. Бірінші тоқсанда қалаға 55 мыңнан астам шетелдік турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық. Олардың бір бөлігі - Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы елдерінің инвесторлары мен туристері.

Мамандардың айтуынша, бұл қаланы халықаралық нарықта ілгерілету үшін Алматы қаласының әкімдігі мен туроператорлардың бірлесіп жүзеге асырған халықаралық іс-шараларының, әуе қатынасын қалпына келтіру мен шекараны ашудың арқасында мүмкін болған. Мысалы, "Dubai ATM - 2022" туристік көрмесіне, Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы мен Оман елдерінің ірі қалаларындағы роуд-шоуларға қатысу.

"Алматы қарапайым саяхатшылар мен бизнес туристтер арасында кең танылып келеді. Бүгін біз Катардан келген алғашқы ұйымдасқан іскерлік туристтер тобын қарсы алдық. Қабылданған шаралардың арқасында Алматыға деген туристік дестинация ретіндегі қызығушылық артып отыр. Бұл жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Таяу Шығыстан туристік ағымды арттыру қаламыз үшін өте маңызды. Өзге елдермен салыстырғанда Таяу Шығыстан келген туристердің орташа чегі әлдеқайда жоғары", - деді "Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы" ЖШС директоры Едіге Марғұлан.

Айта кетейік, 2021 жылдың соңында Алматы – Доха жаңа рейсі іске қосылды. Қазір осы бағыттағы рейстер саны аптасына төртке дейін көбейді. Qatar Airways жыл басынан бері 100-ден астам рейс жасады. Рейстер А-320 типті әуе кемесімен орындалады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале