2.12.2020, 9:18
Оқылды: 71

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді.

мән

Қазақстан конькишілер федерациясы сайтындағы мәліметке сәйкес, ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді. Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді.

Сондай-ақ залдарға спортшыларға ілесіп келген жақын адамдар жіберілмейді. Әрбір спортшыда коронавирусқа ПТР-тесті туралы анықтама (мерзімі 72 сағаттан аспаған) болуы тиіс.

Жарыс бағдарламасы:

14-15 желтоқсан - жаттығу

16 желтоқсан - жаттығу, жеребе

17 желтосан - жаттығу, жарыс

18 желтоқсан - жаттығу, жарыс, марапаттау

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале