5.02.2022, 16:50
Оқылды: 147

Алматының орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды

Арсенал қоймасы Алматыдағы мемлекеттік мұражайдың жанынан табылды. Полициядан хабарлағандай, қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты.

220205134611351e

«Жедел іс-шараларды жүргізу барысында «Самал» ықшамауданында Мемлекеттік мұражайдың жанынан қызметтік-іздеуші ит қару-жарақ қоймасын тапты. Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана. Оқ-дәрілердің кімге тиесілі екені тексеру барысында анықталады», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале