28.12.2021, 9:10
Оқылды: 89

Алпамыстың алғашқы жинағы

Осыдан бірер күн бұрын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйытқы болуымен және Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен елордалық 30 ақын-жазушының кітабы жарық көрді.

InShot_20211227_232137920

Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Нұр-Сұлтанның кітапханасы» сериясымен шыққан осы кітаптардың ішінде біздің жерлесіміз дарынды ақын, танымал тәржіман Алпамыс Файзолланың «Ақ сезімге ескерткіш» атты тұңғыш жыр жинағы да бар. 1000 данамен шыққан жас ақынның қанатқақты жинағына аутордың 70-ке жуық өлеңі мен бір балладасына қоса, шетелдік ақындардан тәржімаланған өлең-жырлар да енген. Алпамыстың алғашқы кітабына алғысөзді қазақтың танымал ақындары - Сұраған Рахметұлы мен Қалқаман Сарин, сондай-ақ үндістандық қаламгер Мулинат Госвами жазған.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале