24.02.2023, 11:45
Оқылды: 94

Алтын балық Ағатанға кетті

«Шыңғырлау» спорт клубы балықшылар сайысын өткізді.  Балық аулау спортына қызығушылықты арттыру және мұзды ойып, балыққа қажетті оттегін жеткізу мақсатында ұйымдастырылған жарысқа қатысушылар көп болды.

балык (1)

Соңғы жылдары ауданда қарқынды дамыған спорт түріне жастар да жігіт ағалары да үлкен қызығушылық танытуда. Бұл жолғы сайысқа ауданға қарасты округтердің тұрғындары мен Шыңғырлау басындағы бөлім, мекеме қызметкерлері де қатысты. Салауатты өмір салтын, табиғатқа қамқорлық жасауды да насихаттаған қызықты жарыс қорытындысында «Нұрым» командасы қармағына ең көп балық түсірген ұжым атанса, «Ең үздік шатыр» аталымын «Бөлелер» командасы жеңіп алды. Сонымен қатар мұз тесетін бұрғыны тәуір меңгерген қатысушылар да өздеріне тиесілі марапатын алды. Бұл аталымда «БББ» командасы жеңімпаз атанды. Қармағын балық аз қапса да дөп қапқан Самат Мұхамбетжанов «Ең ауыр балық» аулаған спортшы ретінде тіркелді. Ал жалпы есепке келер болсақ, ІІІ орынды «Нұрым», ІІ орынды «Бөлелер» командасы еншілесе, І орын мен арнайы тағайындалған «Алтын балық» аталымын «Ағатан» командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан арнайы медальдар мен диплом және жаңа қармақ алуға қажетті қаржылай жүлделер табысталды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

балык (2) балык (3) балык (4) балык (5)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале