26.11.2022, 13:19
Оқылды: 131

"AMANAT" партиясы БҚО филиалының инспекторы Афиза Семғалиева өз пікірімен бөлісті

"AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Афиза Семғалиева да ҚР Президентін ұлықтау шарасынан кейін өз толқынысымен бөлісті.

афиза

аф

-Өзім ҚР Президентін ұлықтау шарасына алғаш қатысуым. Алқалы жиынға алғаш рет баруым. Емін-еркін өтті. Қатып қалған протокол болмады. Фотоға, видеоға еркін түсірдік. Президенттің "Тойлайтын емес, жұмыс жасайтын уақыт. Қызмет уақытша, халық мәңгі. Халқымыз ырымшыл, осы жылы Меккеге барып бабаларға құран бағыштағанда бір ғана тілегім болды, ел амандығы. Еліме адал қызмет атқарамын" деген сөздері аудиторияны толқытты. Сөзден іске деген принциппен, екі жарлыққа қол қойылатынын мәлімдеді. Бірі ауылды дамыту бағдарламасы, екіншісі шетелден активтерді қайтарып, оларға әлеуметтік нысан салу туралы. Сонымен қатар, референдумдағы реформаларды жүзеге асыру мақсатында Сенат депутаттарының сайлауы өтетіндігін хабарлады. Қысқа-нұсқа. Нақты сөз айтылды. Ел сенімі ақталса екен деген  тілекпен тарқастық.

Пікірді дайындаған: Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале