19.09.2024, 13:00
Оқылды: 66

Әмір Маймұратов: «Олимпиада аяқталған бойда жаттығуды бастап кеттім»

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының үздігі Әмір Маймұратов Париж ойындарынан кейінгі басты жоспаларын бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

ED50E59F-EDB3-4893-B6B4-71841AAFB832

Сурет: Olympic.kz

Париж Олимпиадасында бестікке енген спортшы маусым соңына дейін бірқатар жарысқа қатыспақ.

«Олимпиада біткен соң, бір күн де демалғаным жоқ. Бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Жыл соңына дейін мен қатысатын бес турнир бар. Әлем кубогінде, Азия чемпионатында, Бүкіләлемдік жағажай ойындарында және Испанияның Мадрид қаласында өтетін екі турнирде бақ сынаймын.

Менің ең негізгі мақсатым – Олимпиада ойындарының чемпионы атану. Бұл арманымнан бас тартпаймын және жеңіске жететін мүмкіндігім бар деп ойлаймын.

Париж Олимпиадасына алтын аламын деген ойым болған. Бірақ финалда қателік жібердім. Енді алдағы олимпиадалық циклде бұл қателермен жұмыс істеймін. Жылдамдық бойынша 4.40 секундты бағындырсам деген жоспарым бар», - деді Маймұратов. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале