5.11.2026, 11:15
Оқылды: 0

Ән мұрасы - ұрпаққа аманат, Мұхит үні - мәңгілік!

Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының 60 жылдық мерейтойы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілдері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев пен «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімовтің «Мұхит мұрагерлері» атты концерті өтті.

IMG_9302

IMG_9308

Концертте мекеме басшысы Бауыржан Халиолла астаналық ағайынға «қош келдіңіз!» айтып, бүгінгі кешке құрметті қонақтар қатысып отырғанын тілге тиек етті.

Атап айтқанда, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап, классик жазушы Роза Мұқанова, құрылтай депутаты, көрнекті ақын Жанарбек Әшімжан, жыршы, мәдениет қайраткері Ақан Әбдуалиев, күміс көмей, жез таңдай әншілер Ерлан Рысқали, Амангелді Күзеубай, Ерболат Шалдыбеков, дәстүрлі ән өнерінің өкілі Айгүл Елшібаева арнайы келіп филармониямыздың шашбауын көтерді.

IMG_9311

Одан бөлек, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының Алматы, Астана қалаларына өнер сапарына үлкен қолдау көрсеткен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке, 4-5 қараша күндеріндегі концерттерді өткізуде қолдау көрсетіп отырған Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының директоры Ербол Хабылбековке ұжым атынан алғаусыз алғыс білдірді.

IMG_9301

Ғасырлар қойнауынан жеткен әуезді әндер мен термелер қос әншінің шебер орындауында жаңаша тыныс алып, сахна төрінде ұлттық өнердің асқақ рухын асырды.

IMG_9304

IMG_9306

Хатимолла Бердіғалиевтің домбырамен қатар сырнай мен өзге де музыкалық сүйемелдеулер арқылы ән орындауы оның шығармашылық өрісінің кеңдігін аңғартса, Қайрат Кәкімовтің сырлы үні мен өзіндік орындаушылық мәнері дәстүрлі әннің бояуын қанықтыра түсті. Кештің музыкалық көркемдігін Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі толықтырып, оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Жарас Сатыбалдиевтің жетекшілігімен, ҚР Мәдениет саласының үздігі Асылхан Қазиевтің дирижерлігімен сахна төріндегі өнер өрнегін биіктете түсті.
IMG_9303

Айжан Бауыржанқызы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале