21.09.2022, 10:30
Оқылды: 96

Анталияның 5 жұлдызды қонақүйінде турист әкесін балғамен өлтірді

Түркия бұқаралық ақпарат құралдары қайғылы жағдайды жариялады. Олардың мәліметінше, Анталиядағы 5 жұлдызды қонақүйлердің бірінде демалып жатқан ресейлік турист Дмитрий С. әкесін балғамен ұрып өлтіріп, анасын қатты жарақаттаған. Бұл туралы Tourprom cайты жазады.

 1

Қайғылы жағдайдың қай қонақүйде болғаны жазылмаған. Бірақ туристің "психологиялық проблемалары" бар екені айтылған.

Кісі өлтіргеннен кейін ер адам қашып кеткен. Полиция күдіктіні іздеп жатыр. Қайтыс болған туристің жұбайы ауруханада ауыр халде жатыр. Әкесінің денесі Анталияның сот медицинасы институтына жіберілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале