1.02.2023, 12:02
Оқылды: 76

Антикор кәсіпкер құқығын қорғайтын жобаны іске асыра бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG-20230201-WA0011

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге құжаттарды ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілерді, әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

«Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ түрлі мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында.

Мәлім етілгендей, қазір өңірлерде бизнестен өтініш қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеп жатыр.

Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламалар қабылдауда.

Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале