8.02.2024, 16:45
Оқылды: 11

Әр қазақстандыққа банк атынан 50 мың теңге төлем жасалатыны рас па?

Қазнетте алаяқтар ірі банк атынан жалған ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Жп платеж

Telegram-да тараған ақпаратқа сәйкес, пайдаланушыға Halyk Bank-тен 50 мың теңгеден төлем жасалады. Акция бірнеше аптаға жалғасады және қолма-қол ақшаны алу үшін сілтеме бойынша өту керек. Алайда бұл - жалған ақпарат.

Halyk Bank-тің ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, банктің Instagram-дағы және Facebook-тегі ресми парақшаларында тиісті ақпарат жарияланбаған.

"Бұл - алаяқтардың ісі. Сақ болып, карта деректерін, СМС-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты айтпаңыз. Алаяқтар өздерін әртүрлі банктердің өкілі ретінде таныстырады", – деп хабарлады банктің клиенттерді қолдау қызметі өкілдері.

Жарнамада ұсынылған сілтеме белгісіз сайтқа апарады. Бұл - фишингтік сілтеме. Осылайша, алаяқтар пайдаланушылардың құпия ақпаратына қол жеткізеді. Олар жеке аккаунттардың, мобильді банкингтің логиндері мен құпиясөзін біліп алады.

Демек, Halyk Bank-тің атынан 50 мың теңге көлеміндегі төлем туралы таралған ақпарат - фейк.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале