9.11.2021, 11:08
Оқылды: 201

Әскерилер арасында волейбол жарысы өтті

Оралда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 5517 әскери бөлімі мен Орал қалалық жастармен ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әскерилер арасында волейболдан бөлім командирінің кубогі үшін ойын өтті. Спорттық бәсекеде сегіз команда  өзара бақ сынады.

IMG_20211107_140635_873

Спорттық жарыстың ашылу салтанатында 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Сағындық Алкайдаров сөз сөйлеп, осындай қиын уақытта әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты.

Осы мақсатта өткен тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан әскерилер өз командалары үшін аянып қалмады.

IMG_20211107_140635_805

Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша бойынша 5517 әскери бөлімінің басқарма офицерлері жеңімпаз атанса, екінші орынды материалдық-техникалық қамтамассыз ету ротасының командасы иеленді, ал үшінші орынды жедел мақсаттағы батальонының спортшылары қанағат тұтты.

Сонымен қатар қатысушылар арасында келесідей номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Үздік шабуылшы» – аталымына аға лейтенант Камалов Султанбек, «Үздік тосқауылшы» қатардағы жауынгер Абдусаматов Абос, «Үздік байланыстырушы» қатардағы жауынгер Ғазизов Марат сынды әскерилер осындай марапаттарға ие болды.

Жеңімпаз командалар  кубокпен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және  естелік сыйлықтармен марапатталды.

Капитан Әубакир Ертуған,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале