18.10.2022, 17:16
Оқылды: 139

Әскерилер қорытынды тексеруден өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы қорытынды тексеруден өтті. Аталған тексеріске барлық әскери қызметшілер қатысты. Тексерісті «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан арнайы құрылған комиссия мүшелері қабылдады. 

4

Қорытынды тексерістің басты мақсаты әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жай-күйін, жеке құрамның жауынгерлік даярлық деңгейін анықтау болып табылады.

Сынақ барысында әскери қызметшілер мемлекеттік-құқықтық, арнайы, саптық, атыс, дене дайындықтары бойынша сынақтар тапсырып, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша нормативтер тапсырды.

6

Дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру барысында, әскери қызметшілердің ерік-жігерінің және үнемі дене даярлығымен айналысудың арқасында әскери бөлім жеке құрамы жақсы нәтижелер мен көрсеткіштер көрсете білді.

-  Қорытынды тексеріс негізінен әскери қызметшілердің жауынгерлік әскери дайындығын шыңдауға бағытталған. Ал жауынгерлік дайындық дегеніміз ол әскери қызметшілердің сыртқы киім үлгісі, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталуы, сонымен қатар әскери қызметшілердің біліктілігі мен білімінің өз деңгейінде екендігіне көз жеткізу – деді бөлім командирі подполковник Сағындық Алқайдаров.

7

Барлық әскери қызметшілер қорытынды тексеріске жауапкершілікпен қарап үздік нәтижелер көрсете білді. Қорытынды тексеріс қортындылаумен аяқталып , әрбір әскери қызметшілер, бөлімдер мен бөлімшелер өздерінің даярлығына байланысты тиісті бағаларын алды.

Капитан Ертуған Әубакир,

Орал қаласы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале