4.09.2019, 12:53
Оқылды: 143

Әскерилер жаңа әліпбиді үйренуде

Жаңа әліпбиге көшудің бірінші кезеңі 2018-2020 жылдарды қамтиды. Осы уақытта латын графикасының нормативті-құқықтық базасы жасалып, орфографияның ережесі дайын болады. Осыған орай, Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында «Жаңарған қоғамға – жаңа әліпби» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.

IMG-20190903-WA0089

Шараның мақсаты – жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен таныстыру, сондай-ақ латын графикасын баспа және бейнематериалдар арқылы практикалық тұрғыда қолдануды үйрету. Сабақты БҚО тілдерді дамыту басқармасының жолдауымен латын әліпбиін оқыту тренері Г.Алғазы өткізді. Сабақта жаңа әліпбиде жоқ әріптердің жазылу баламасы көрсетіліп, жаңа латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережесіне шолу жасалды. Сонымен қатар Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл -қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген sózdikqor.kz, emle.kz, termınkom.kz, qujat.kz тағы басқа ІТ-жобалар, Qazlatyn ұлттық порталы таныстырылды.

20190903_170223

Шара барысында басқарманың жеке құрамы мультимедиялық құралдар арқылы оқу, жазу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен түрлі қызықты тапсырмалар орындады.

Жанар Қайсағалиева

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының

тəрбие идеологиялық, əскери-патриоттық

жұмыстар жəне ҚР ҚК ардагерлерімен  жұмыс бөлімшесінің инспекторы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале