21.06.2026, 20:00
Оқылды: 5

Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігі: Мемлекет басшысы Саида Мирзиёевамен кездесті

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның Астанаға сапары екі елдің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

dsc-1388-2

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ ынтымақтастықты дамытуда президент әкімшіліктерінің жұмыс қатынастарын жандандыру айрықша рөл атқаратынына тоқталды. Сондай-ақ екі елдің Орталық Азиядағы тұрақтылық пен өңірлік ықпалдастықты нығайтудағы орны бөлек екенін айта келе, реформаларды сәтті іске асыру үшін аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау маңызды екенін жеткізді.

1782034579_KZ2_0642_2

Тоқаев 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын тілге тиек етіп, Бұхараға жасаған сапарында өзбек тарапының осы бағыттағы озық тәжірибесімен танысқанын ризашылықпен еске алды және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады.

1782034604_DSC_1513_2

Өз кезегінде Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзбекстан Президентінің ізгі сәлемін жеткізді. Ол Шавкат Миромоновичтің бауырлас Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты тереңдетуге және бірлескен жобалардың жүзеге асырылуына айрықша бақылау жасайтынын мәлімдеді. Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы екі елдің бірлескен жұмысы арқылы аймақ үнін жаһандық аренаға нық жеткізуге болатынын және Қазақстанды сенімді одақтас ретінде көретінін атап өтті.

Кездесу соңында қос тарап сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылап, елдерде қолға алынған жүйелі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар төңірегінде пікір алмасты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале