9.04.2025, 9:15
Оқылды: 64

Астанада полицей Ресей азаматына 59 жылдан кейін анасын табуға көмектесті

Астанада полицей Ресей азаматына 59 жылдан кейін анасын табуға көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

deb4ccfe-af49-423a-bfa7-cc750107fa57

Сурет: Polisia.kz 

Екі әйелдің өмірін өзгерткен әсерлі кездесуді учаскелік инспектор Бақытжан Сарманов ұйымдастырды. Биылғы жылдың наурыз айында полиция пунктінің қызметтік нөміріне 59 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы хабарласып, өз анасын табуға көмек сұраған. Майор Сарманов жан-жақты тексеру жүргізіп, әйелдің туысын анықтай алды. Уақытты жоғалтпай, әйел әуе билетін сатып алып, жақында Қазақстанға ұшып келді. Полиция қызметкерінің кәсібилігіне тәнті болған ол зор алғысын білдіріп, барлық полицейлердің қызметіне сәттілік тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале