
Қойылымда көрнекті әнші Роза Бағланованың өмір жолы мен өнердегі жетістігі баяндалады. Әншінің шығармашылық жолы мен өнердегі ізденісі музыкалық нөмірлер, сахналық көріністер және сол дәуірдің әндері арқылы көрініс тапқан.
Мюзикл Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен XVII халықаралық мюзикл фестивалінде «Үздік шетелдік мюзикл» және «Үздік әйел бейнесі» аталымдары бойынша екі бірдей марапатқа ие болды.
Қойылымның режиссері – «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, композиторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Артур Оренбургский.