29.01.2024, 15:45
Оқылды: 78

«Астанаға арнайы алыстан келіп, ДНҚ тапсырып кетті»: бельгиялықтар асырап алған Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтылды

Әлеуметтік желіде бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Баланың анасы әлі де іздестіріліп жатыр. Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты жаңа деректі жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

b5b224a3-3f3d-44b3-afb4-6a2e0ef6712a

Фото: instagram.com

Журналистің айтуынша, бұл жолы болжамды ана Астанадан келген.

- Әсем деген келіншек Астанаға арнайы алыстан келіп, ДНҚ тапсырып кетті. Зерттеу жалғасып жатыр, - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Кейін "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы Жәнібекке анасын іздеуге көмектесті. Бірнеше әйел ДНҚ сынамасын тапсырды, алайда бірде-бір нәтиже оң шықпады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале