12.11.2021, 11:35
Оқылды: 195

Астың адал болғаны жөн

Орал қаласындағы Достық үйінде «Адал ас жанға - дауа, тәнге – шипа» атты семинар өтті. Оған ҚМДБ-ның «Халал даму» сертификаттау және стандарттау орталығының мамандары, мешіт қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты.

344b6247-c395-4ba7-b106-54b9460da79c

Жиынды БҚО бойынша өкіл имам Бақытжан Сабралиев ашып, адал астың адам, қоғам өміріндегі маңыздылығына тоқталып өтті. Өкіл имамның айтуынша, осыдан біраз жыл бұрын мұсылман бауырларымыздың арасында «Оралда қай жерден адал ас ішуге болады?» деген сауал туындаған болса, қазір бұл мәселе күн тәртібінен түскен.

-Біздің мекеменің жұмыс жасап жатқанына жеті жылдай уақыт болды. Осы уақыт аралығында ҚМДБ-ның халал белгісімен жұмыс жастап жатқан кәсіпкерлік нысандарының саны еліміз бойынша 700-ге жуықтады. Оның 15-і БҚО-да. Сол мекеме-кәсіпорындардағы жұмыс барысын тексеріп көру, енгізіліп жатқан жаңа стандарттармен таныстыру мақсатында Ақ Жайық өңіріне келдік. Біздің сертификат кәсіпкерлерге бір жыл мерзімге беріледі. Осы уақыт аралғында екі жақты келісімге сәйкес мамандарымыз жоспарлы, жоспарсыз тексерулер жүргізеді. Тексеру кезінде талапты бұзушылықтар анықталса, ескерту жариялаймыз. Егер құлақ аспаса, келісім бұзылып, өндіріп жатқан өнімі «Халал даму» сертификатына сәйкес емес екені туралы ресми ақпарат көздеріне, әлеуметтік желіге хабар таратамыз. Жыл өткен сайын біздің сертификат алуға ниет білдірушілер қатары артып келе жатыр. Бұл тұтушылар тарапынан болған сұранысқа байланысты туындап отырғаны белгілі. 2019 жылы 64 кәсіпкерлік нысаны рұқсат құжатын алса, былтыр 105, биылғы тоғыз айда 180 бизнес субъектісі сертификатқа ие болды. Біз сертификатты кез-келген кәсіпкерге бермейміз. Ветеринралық, сантитарлық мамандармен бірге мекемеміздің өкілі өндіріс орнында болып, өнімге зертханалық тексерулер жүргізіліп, бәрі талапқа сәйкес болғаннан кейін барып сертификат беріледі. Жалпы біздің сайтымызға, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға кіру арқылы қандай кәсіпорындардың өнімдері талапқа сай екенін білуге болады,-дейді ҚМДБ-ның «Халал даму» сертификаттау және стандарттау орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы.

Мәди Ықылас,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале