2.04.2021, 10:21
Оқылды: 278

Асық ату ептілікке баулиды

Асық ойыны – әр өлкеде әртүрлі ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі. Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланған жөн.

FB8BC61E-250F-43DA-AC9A-8AA2D7F9B869

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан обоысында «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы аясында ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан байлығымыз, асыл қазынамыз - ұлттық ойынымыз асықты жаңа заман талабына сай модернизациялау, жаңғырту, жаңарту мақсатында алынған «Алтын сақа» жобасы жүзеге асып келеді.

Облыс бойынша 95 мектепке дейнгі ұйымда 139 топта  2192 баламен вариативтік компонент бөлігі бойынша асық ойындарына баулу жұмыстарын  238 педагог жүргізуде.

Ал, облыстық «Алтын ұрпақ» жобасы аясында «Асық ату» факультатив жұмыстары 231 жалпы білім беретін мектептің 386 мектепалды даярлық сыныбында 6333 тәрбиеленушімен педагогтар жұмыстанады.

850F268B-2069-480C-BAA1-D996D7262B14

Жоба аясында асықтар туралы мәліметтер жинақталып, «Алтын сақа» акциясы ұйымдастырылды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларының мақсат-міндеттерін негізге ала отырып, асықтан әртүрлі оқу құралдары мен дамытушы ойындары ұйымдастырылуда.

Тәрбиенің қалыптасуы – педагог, бала, ата-ана еңбегімен байланысты екендігі айқын. Демек, бұлар береке-бірлікпен жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын темір тәртіпке бас игенде ғана іс оң нәтиже таппақ.

Жас жеткіншектерді нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.

 Даурия Кудашева,

облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале