27.02.2021, 17:30
Оқылды: 554

"Атамекен" балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен кезекті шаңғы жорығы өтті

Елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келе жатқан белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі.

20210227_172138

Шаңғы тебу тәсілін жете меңгеру қажеттілігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы, кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениетінің талаптарын арттыруды жүктейді.

Шаңғы туризмінің өңірде дамуын қалыптастыру бағытында облыста жиі шаңғы жорықтары ұйымдастырылуда. Бүгін Шаған өзенінің бойымен жалпы ұзындығы 7 км болатын «Атамекен» БЖТ және ЭО – Бәйтерек ауданы, Октябрьский ауылы аумағы – «Атамекен» БЖТ және ЭО маршруты бойынша шаңғы жорығы өтті.

IMG-20210227-WA0013
Жорыққа шықпас бұрын алдын ала ауа – райын бақылау жұмыстары жүргізілді. Жорық барысында да ауа-райын бақылау жұмыстары жүргізіліп отырды.

20210227_172150
Шаңғы жорықшылары алдымен Шаған өзені арқылы И.Исаев атындағы халықаралық экспериментальды бақты бойлай Октябрский ауылындағы жергілікті кітапханаға аялдады. Кітапханада кітапханашы Л.А.Могила Обитель ауылының, яғни қазіргі Октябрьский ауылының тарихын баяндап, ауыл маңындағы Деркөл, Шаған өзендері мен Крутенька, Садовское көлдерінің қазіргі жағдайы жөнінде әңгімеледі.

20210227_172044

Жорық қорытындысында барлық қатысушы жорықшыларға туристтің классификациялық сынақ кітапшасы табыс етілді.

20210227_172204

Бисенбиева Рита, «Атамекен» БЖТжЭО-ның қосымша білім педагогы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале