13.02.2021, 17:59
Оқылды: 355

"Атамекен" балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен шаңғы жорығы өтті 

Шаңғы - қысқы спорт түрлері ішінде ең кең таралған спорт түрі. Демалыс күндері барлық туристік базалар мен қала маңындағы аудандарда шаңғымен жорыққа шығу жиі ұйымдастырылады.

IMG-20210213-WA0013
Облыстағы "Атамекен" балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы белсенді демалыс жорықтарымен тікелей айналысатын ұйым. Қазіргі уақытта "Атамекен" БЖТжЭО түрлі күрделілік дәрежесіндегі бірқатар шаңғы маршруттарын әзірлеп, өткізуде.

Сонымен қатар, демалыс күндері туристік маршруттар бір бағытта ғана емес экскурсиялық, танымдық сипатта ұйымдастырылады.

Осындай бағыттардың бірі бойынша бүгін "Атамекен" балалар туризмі орталығы ұйымдастырған жорық Шаған өзені маңындағы маршрут желісі бойынша С.И. Исаев атындағы халықаралық коллекциялық бақ-питомниктен бастап "Атамекен" БЖТжЭО дейін жүріп өтті.

IMG-20210213-WA0010
Қатысушылар, құрамында: А.А Алпысбаев, Б.Қ Нарымбетов, Қ.Қ Қабжан, Н. Сәдір, М.Б Ерсаев, А.Қ Батырханов, Қ.М Ахмеденов, Ғ.С Сейтақов, Р.Е Халелов, А.Ғ Ғұмаров, Қ.Б Каримов, А.М Шергалиев, И.Б Мынбаев, А.Ш Құрымбаев, А.А Санатовтар болып, жалпы ұзындығы жеті километр маршруттық жорық жасады.

Қысқы жорық бақ-питомнигіне экскурсиядан басталды. Гид ретінде ұйымдастырушы мекеменің директоры Қайрат Кәрімов қатысты.

IMG-20210213-WA0012
Жорықшылар Шаған өзенінің қарлы арнасымен жүріп өтті. Жорық алдында өткізуші орган өкілдері қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті нұсқаулықпен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Демалыс күндері өткізілетін қысқы жорықтар туристік шеберлікті арттыру тұрғысында маңызды әрі пайдалы болуымен ерекшеленеді.

IMG-20210213-WA0019

IMG-20210213-WA0008

IMG-20210213-WA0016

Санатов Андрей Абылқасымұлы - «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының нұсқаушысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале