29.09.2022, 11:00
Оқылды: 141

 «Атамекендегі» «Атамекен»

Қазан айының 4-6-сы күндері Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында ХІІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтеді.

WhatsApp Image 2022-09-29 at 10.51.22

Аталмыш байқаудың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының халық әртісі, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау. Халықаралық ән фестиваліне Өзбекстан, Қытай және Ресей мемлекетінен, сондай-ақ Астана, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облысы және Орал қаласы, БҚО аудандарынан жалпы саны 25 үміткер қатысады.

Айта кетейік, бұл фестивальді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырмақ. Халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатовтың айтуынша, «Атамекен» ән фестивалі сонау 2000 жылдан бері Орал қаласында дәстүрлі түрде өтіп келеді. Биыл 17 мен 32 жас аралығындағы үміткерлер танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің кейінгі кездерде жарыққа шыққан және көптен орындалмаған  әндерін  шырқайды.

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале