12.04.2024, 9:30
Оқылды: 64

Атырауда есірткі сатпақ болған оралдық тұрғын ұсталды

"Атырауда есірткі сатпақ болған оралдық тұрғын ұсталды", – деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

6b9545bb-6cc2-4af2-a91e-4b059a6c0683

Фото: polisia.kz

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын сатумен айналысқан ер адамды ұстады. Одан құны 1 млн теңгеден асатын есірткі тәркіленді. Күдікті Орал қаласынан Атырауға есірткі заттарын жеткізу және өткізу арнасын ұйымдастыру үшін арнайы келген. Ол несиеге белшеден батқанын, тез арада оңай ақша табу үшін осындай қылмысқа барғанын айтқан. Қазіргі уақытта 30 жастағы БҚО тұрғыны тергеу изоляторында қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале