22.10.2022, 16:46
Оқылды: 33

Атырауда ұры өзін қылмыс үстінде ұстаған әйелді өлтіріп кетті

Атырауда ұры өзін қылмыс жасау кезінде ұстап алған 59 жастағы әйелді өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

3

Адам өлімі 19 қазан таңертең Өркен шағынауданындағы саяжайлардың бірінде болған.

Басылым мәліметінше, отбасы мүшелерінің барлығы жұмысқа кетіп, әжесі немересін мектепке апарып, үйіне қайтып келгенде, ол үйде белгісіз ер адам жүргенін, үйді тонап жатқанын көреді. Ұры егде әйелдің үстіне секіріп, оны буындырып өлтірген.

Мәйітті отбасы мүшелері түскі уақытта тауып, полиция шақырған. Үйден зергерлік бұйымдар мен басқа да бағалы заттар жоғалған.

Бұл деректі Атырау облыстық ДП баспасөз қызметі растады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыскер іздестіріліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале