21.04.2020, 16:12
Оқылды: 186

Атырауда вахталық әдіспен жұмыс жасайтын батысқазақстандықтар оралды

59D7FCDC-9ECD-4E42-9411-AD4FE0428E27

сурет интернеттен

20 сәуірде Атыраудан вахталық ауысыммен жұмыс істейтін 279 адам оралды. Оларды қарсылауға екі орын белгіленді. Біріншісі, оңтүстік аудандар - Ақжайық, Жәнібек, Жаңақала, Казталовқа баратын 29 адам Чапаев ауылына жиналды. Екіншісі, қала мен басқа аудандарда тұратын 250 адам АвтоЦОН автотұрағына келді.

Олардың қолында экспресс-тестілеуден өткені, инфекция жұқтырмағаны туралы анықтама және үйде карантин талабын сақтау жөніндегі нұсқаулық бар. Вахтадан келгендерді қарсылау және үйлеріне жеткізуді шұғыл штаб жүйелі және жедел ұйымдастырды. Аудан әкімдіктері мен полиция бөлімдеріне Атыраудан оралғандардың үйде болуын, карантин талабын сақтауын қадағалау тапсырылды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале