19.10.2021, 12:26
Оқылды: 76

Аудан халқының 99 пайызы көгілдір отынмен қамтылған

Сырым ауданының елді мекендерін газдандыру 2010 жылы басталып, Жымпиты, Өлеңті ауылдары көгілдір отынға қосылған. Сол жылы 360-қа жуық тыл және еңбек ардагері, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың үйіне демеушілердің көмегімен тегін көгілдір отын өткізіліп берілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев мәлімдеді.

191130103840385e

-Бүгінгі күні 22 елді мекен, яғни аудан халқының 99 пайызы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Ауданымызда әлі де тұрғын үйлеріне көгілдір отын қосуға мүмкіншілігі жоқ жерлестеріміз бар. 2017 жылдан бастап демеушілердің, аудандағы мекеме қызметкерлерінің, кәсіподақ ұйымы арқылы ауданның 37 тұрғынының үйіне тегін көгілдір отын өткізілді. Бұл үрдіс биылғы жылы да жалғасын табатын болады. Елді мекендерді ауыз сумен қамту Тәуелсіздік жылдарына дейін де тәуелсіздік жылдарында да өзектілігін жойған жоқ. Бүгінгі күні аудан тұрғындарының 86,9 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. 2005-2010 жылдары аралығында «Таза су» бағдарламасы шеңберінде Жетікөл, Сарой, Қособа, Шолақаңқаты ауылдық округтерінде су тұщыту қондырғылары орнатылып, Аралтөбе, Тасқұдық ауылдарының ауыз су желілері жөндеуден өтті. Кейін 2015-2020 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 12 елді мекеннің ауыз су желілері жаңғыртылды,-деді Т.Төреғалиев.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 10.16.40

Спикердің айтуынша, елді мекендерге кірме және ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары 2016 жылдан басталған. Осы уақыттан бері 11,8 шақырымды құрайтын  ауылішілік жолдар, 25,4 шақырым кірме жолдар жөндеуден өтіп, 3,5 шақырым жол аудан орталығында жаңадан салыныпты. Сонымен қатар Жымпиты-Қаратөбе жолы жөндеуден өтсе, аудан орталығын Ақсай қаласымен қосатын автомобиль жолын жөндеу соңғы екі жылда қарқынды жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ Жымпиты ауылының 18 көше және көшелердің қиылысу жолдарына 11,2 км. жаяу жүргіншілер жолы жасақталған. Биылғы жылы Бұлан ауылына дейінгі дейінгі кірме жолдың жобасы дайындалып, сондай-ақ, қазіргі уақытта Жымпиты, Бұлдырты ауылішілік, Қособа, Шағырлой, Аралтөбе ауылдарына кірме жолдарды жөндеуге жоба жасақталуда екен.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале