21.12.2022, 16:45
Оқылды: 62

Ауыз сумен қамтамасыз етуге бөлінген қаражат игерілмей жатыр - депутат

Мәжіліс депутаты Аманғали Бердалин ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы жоспарға сәйкес жүрмей жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Осы орайда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында аталған көрсеткішке 2025 жылы жету жоспарлаған», - деді А. Бердалин Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 96 пайызды құрады. Оның ішінде, қалаларда 98 пайыз болса, ауылдық елдімекендердің үлес салмағы – 93 пайыз. Қазіргі таңда Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындарындағы қала тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген», – деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары Ә.Нәлібаев.

Оның атуынша, 2021 жылдың қортындысына сәйкес, сумен жабдықтау жүйесімен қамту еліміз бойынша 96 пайыз, соның арасында қалаларда - 98,1 пайыз, ал ауылдарда 93 пайыз құрады.

«Биылғы 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша әкімдіктердің жедел ақпаратына сәйкес, бөлінген 185 млрд теңгенің 153 млрд теңгесі игерілді (83%). Осы жылы 127 ауылды орталықтандырылған ауыз су жүйесімен жабдықтау жоспарланған болса, іс жүзінде 97-сі ғана қамтылуы мүмкін. Қаражаттың иегірмеуіне байланысты 30 ауылда жоспар орындалмай қалуы ықтимал», - деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы жоспарланып отырған 164 ауылда жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді 2023 жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Қазіргі уақытта 62 ауыл бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау жұмыстары жүргізіліп жатса, 102 ауыл бойынша аталған жұмыстар басталмаған.

«Осы орайда жергілікті атқарушы органдар халықты 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын аяқтауы керек. 2023 жылдың соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы сапалы әзірлеу маңызды. Биылға бөлінген қаражаттың толық әрі сапалы игерілуін қамтамасыз етуді сұраймыз», - деді А. Бердалин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале