2.02.2023, 17:45
Оқылды: 54

Автокөлік ұрылары ұсталды

Орал қаласы ПБ Шаған Пб полиция қызметкерлері 2023 жылдың 15-18 қаңтар аралығында, яғни, осы үш тәулікте 13 қылмыс жасаған 2003, 2004 жылғы күдіктілерді құрықтады. Олар оңай олжа табуды көздеп, қала аумағындағы барлық ықшам аудандарда болып, автокөліктерден аккумулятор мен автомагнитолла және өзге де көлік иесіне тиесілі жеке заттарды ұрлаған.

23

Фото дереккөзі: www.drive2.ru
Мәселен, 2023 жылғы 15 қаңтарда, түнгі сағат 23.00-де белгісіз 3 тұлға «Зачаганск» ықшам ауданындағы бір жер үйдің ауласында тұрған «Ауди» маркалы автокөлік салонына еркін түрде кіріп, аккумулятор мен 10 литрлік темір канистр ұрлаған.
Ал, 2023 жылғы 16 қаңтарда «Зачаганск» ықшам ауданындағы бір жер үйдің ауласында тұрған «ВАЗ 2107»  маркалы автокөлікке еркін кіріп, магнитофон, аккумулятор, 2 дана дыбыс зорайтқыш, артық дөңгелек  сынды бұйымдарды ілезде үптеп кеткен.
Шаған полиция бөлімінің сақшылары күдікті деген  тұлғаларды құрықтап, бөлімге жеткізгенде ұрлық жасағандарын айтып берді.
Үш күнде 13 ұрлық фактісіне қатысы бар күдіктілер ұрлық жасағандарын баяндап, мойындады. Олар ұрлаған барлық жеке мүліктер түгелдей тәркіленді. Осы қылмыстық істі тергеу барысында күдіктілердің есепке алынбағаны, бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 3  бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды.

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале