12.07.2022, 11:00
Оқылды: 85

Автожолдардың сапасына қатысты әкімдіктер рейтингінің әдістемесі бекітіледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарының сапасына міндетті сараптаманы енгізу механизмін даярлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220712103443575e

Ведомствоның мәліметінше, жолдардың сапасы бойынша әкімдіктер рейтингінің әдістемесі жыл соңына дейін бекітілмек.

«Автомобиль жолдарының сапасын арттыруға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірқатар кешенді шаралар даярлады. Саладағы бақылауды күшейту мақсатында қолға алынған жұмыстар ішінде профильдік нормативтік актілердің маңызын жетілдіруге де жете назар аударылып отыр», - деп жазды министрліктен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале