17.12.2023, 10:30
Оқылды: 191

Аян Халауедин БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Аян Халауединұлы Халауедин БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

IMG-20231217-WA0017

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Аян Халауединұлы 1976 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін ветеринария, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары БҚО Зеленов аудандық мал дәрігерлік қадағалау бөлімінің жетекші маманы, Зеленов аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы, Переметное ауылдық округінің әкімі, Зеленов аудандық ветеринария бөлімінің басшысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімінің орынбасары болды.

Сондай-ақ Тасқала ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары, Тасқала ауданы ветеринария бөлімінің басшысы, Тасқала ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Тағайындауға дейін Тасқала ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азамат Ағелеуовтің БҚО мемлекеттік-сәулет құрылыс-бақылауы басқармасына басшы болғанын жазған едік.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале