1.03.2022, 17:20
Оқылды: 97

Азаматтар құжат жинау үшін қиналады. Смайылов Цифрлық даму министрлігінің жұмысын сынға алды

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге тікелей сұрақ қойды.

sveaqNKHqDU2KdpflG5hwp1jIOnVAotow5iyDX3U
-Бағдат Батырбекұлы, ақпараттық жүйелерді интеграциялау керек екенін бұрыннан айтып келеміз. Әзірше нақты өзгерістерді көріп отырған жоқпыз. Азаматтар құжат жинау үшін қиналады. Бұл бағытта жұмыс нәтижесін қашан көреміз, - деді Әлихан Смайылов.

Жауап кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электронды форматта көшірілмеген анықтамалар әлі де бар екенін айтты.

-Біз 2021 жылы Smart Bridge интерграциялық платформасы арқылы 800-ден астам интеграция жүргіздік. Осы жылы біз 34 қағаз анықтаманың талап етілуін болдырмауын мүмкін еттік. Нақтырақ айтсақ, 52 милиионан астам құжаттар қағаз түрінде талап етілмейді. Осыған қол жеткіздік. Алайда қағазбастылықты тоқтату үшін интеграциялау жұмыстарын жүргіземіз. Электронды форматта көшірілмеген анықтамалар әлі де бар. Жылдың соңына қарай нақты интеграциялау жұмыстары бітіп, осы қағазбастылықтың алдын аламыз, - деді Бағдат Мусин.

 baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале