6.09.2023, 10:45
Оқылды: 46

Байзақтағы жарылыс: сарбаздар қойманы қасақана өртеген бе?

Әскери қоймадағы жарылыс екі жыл бұрын болған. Жойқын жарылыстан 17 адам қаза тауып, 100-ге жуық жан жараланды. Келтірілген шығын көлемі 25 млрд теңгеден асады.

bayzak-tag-y-zharylys-sarbazdar-k-oymany-k-asak-ana-ortegen-be_1693965547

«Жамбыл облысындағы әскери қойманы қасақана өртеді» деп айыпталып жатқан қос сарбаз 13 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылы Байзақ ауданында болған жарылысқа қатысты көшпелі сотта прокурорлар жауынгерлерге осындай жаза кесуді сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы екі күдікті матаны өртеп, оқ-дәрілер тұрған қоймаға терезеден әдейі лақтырған дейді. Ал сарбаздардың бұл іске баруына штаб бастығымен жеке бас араздығы себеп көрінеді.

Оңтүстік аумағы әскери прокурордың орынбасары Асылбек Темірбеков: «ҚР ҚК 202-бабы, 3-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруды, ҚК 459-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұраймыз», - деді.

Осы іске қатысты тағы төрт офицер айыпты деп танылған. Олар салғырттық және қару-жарақты сақтауда қауіпсіздік ережелерін ескермеу бабымен жауап беруде.

Прокурорлар жарылыс болған бөлім командирі мен оның орынбасарын 6 жылға соттауды сұрады. Қалған екі қызметкерді қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазадан бостуды ұсынды.

Ал сарбаздардың ата-аналары жарылысты «қолдан ұйымдастырды» деп тағылған айып емес, қос жауынгерлерге жабылған жала деп санайды. Айтуынша, дәл сол уақытта сарбаздар оқиға орнында мүлде болмаған.

Сарбаздың анасы Алмагүл Асанова: «Бірақ менің балам о бастан ондай болмағанын айтып отыр. Балам сол уақытта Тұранов екеуі шөп тазалаған. Екі балаға қосылып кеткен. 14-қойманы тіпті білмеген. Білмейді де. Бұлар біздің балаларымызды кінәлап отыр. Біз соған келіспейміз. Сотымыз әділ болса екен деп талап етеміз», - дейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале