27.05.2020, 11:18
Оқылды: 721

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтеді

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы ағымдағы жылы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтетіндігін хабарлайды.

D5DAC15F-B53E-43BD-B3B0-7132604A8265

Науқанды өткізудің негізгі мақсаты - қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.

Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының - 8(7112) 260463 сенім телефоны мен тұрақты жұмыс істейтін облыстық call-орталығына 1301 хабарласа аласыздар.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале