Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Балалар үйінің атауы мен қызметі өзгереді

Елімізде балалар үйінің атауы мен қызметі өзгеріп жатыр. Енді балалар үйі емес, «Балаларды қолдау орталықтары» деп аталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Жанна Сәрсенбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230127-WA0005

«Осыдан бірнеше жыл бұрын біздің министрлік Ақмола облысы әкімдігі және «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлескен «Балажан» жобасын қолға алған еді. Жоба аясында Ақкөл қаласында балаларды қолдау және отбасыға бейімдеу орталығы ашылды. Ондағы мақсат – балаларға барынша отбасындағыдай жағдай жасау, сондай-ақ оларды патронаттық тәрбиеге орналастыруға және туған отбасына қайтаруға бейімдеу», – деді Жанна Сәрсенбаева елордада өткен балалар үйін трансформациялау мәселелеріне арналған жиын барысында.

Оның айтуынша, балалар үйі «Балаларды қолдау орталықтары» болып қайта құрылуда.

«Еліміз бойынша барлық үй балаларды қолдау орталықтарына айналды. Қазір ел өңірлерінде 23 орталық жұмыс істейді, онда 3 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Орталықтың тағы бір артықшылығы кәдімгі «үй сияқты болуы», яғни мүмкіндігінше отбасындағыдай жағдай жасалады. Балалардың өз бөлмесі бар, асхана басқа да қажеттіліктермен қамтылған», - дейді министрлік өкілі.

Еске салайық, елімізде балалар үйі қызметінің қайта қаралып жатқаны туралы хабарлаған едік.

Аталған бағыттағы жаңашылдықпен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бөліскен еді

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале