7.11.2022, 13:00
Оқылды: 80

Бас елші БҚАТУ-да болды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы бас елшісі Атабек Турсынбеков келді.

DSC04082

Білім ордасында оқып жүрген Өзбекстан елінің студенттерімен өткен кездесуге Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасы елшілігінің өкілдері Атабек Турсынбеков пен Муроджон Шухратов және университетіміздегі «Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің» директоры Лаура Душаева қатысты.

Кездесу барысында елшілік өкілдері Өзбекстаннан келген білім алушыларды шетелде оқып жүрген студенттерді қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардан, Өзбекстан Республикасының Конституциясына түзетулер жөніндегі алдағы референдумнан хабардар етті. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан аумағында болу ережелері, Қазақстан елінің заңнамасын  сақтау тәртібі түсіндірілді.

– Бұл – жаңа оқу жылына байланысты жоспарлы кездесуіміз. Студенттерге Өзбекстан азаматтарына елшілік тарапынан көрсетілетін көмек-қолдаулар туралы жеткіздік. Студенттердің құжат ауыстыруға, азаматтық мәселелерді реттеуге қатысты сауалдарына тиісті жауаптар берілді. Алдағы уақытта да олар мәселелер туындаған жағдайда елшілікке хабарласуларына болады, – деді Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы бас елшісі Атабек Жолдасбекұлы. Айтуынша, бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында 50-ден астам өзбекстандық студент білім алуда. Соның 33-і Жәңгір хан университетінде оқып жүр.

БҚАТУ медиа орталығы   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале